14.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC 323 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC 323 турнирінде жекпе-жек өткізеді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Александр Пантожа UFC 323 турнирінде Джошуа Ванға қарсы чемпиондық атағын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы промоушенның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеш 6 желтоқсаннан 7 желтоқсанға қараған түні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Мераб Двалишвили мен Петр Ян титулдық реванш өткізеді. Пантожа мен Джошуа Ван арасындағы кездесу кештің негізгі жекпе-жегі болады.

Пантожаның мансабында 30 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Ванның еншісінде 15 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.