13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

U-21 құрамасы Өзбекстаннан жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
U-21 құрамасы Өзбекстаннан жеңілді

Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Өзбекстан құрамасымен өткен жолдастық ойында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесудің тағдырын жалғыз гол шешті. Екі елдің жастар құрамалары енді 14 қазан күні тағы бір жолдастық матч өткізеді.

Отандастарымыз 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастаған еді — алғашқы ойында Андорраны 1:0 есебімен жеңді. Алайда кейін Англиядан (0:2) және Андоррадан (0:1) ұтылып қалды.

Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 3 қазан күні Алматы қаласында басталды. Бас бапкер шақырған 24 ойыншының тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Никита Губарев («Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).
Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»).
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбаев («Оңтүстік академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).