13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

U-19 құрамасы «Ордабасыны» жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
U-19 құрамасы «Ордабасыны» жеңді

Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны аясында 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші бақылау кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жолы Кирилл Кекердің шәкірттері Премьер-лига өкілі — «Ордабасымен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін жастар құрамасы Бірінші лига командасы «Оңтүстік Академиясымен» тең түссе (1:1), «Таразды» ірі есеппен — 6:1 есебімен тізе бүктірген болатын.