13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыстың» жеңілістер сериясы бес матчқа жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыстың» жеңілістер сериясы бес матчқа жетті

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедосына» 3:5 есебімен есе жіберіп, бесінші рет қатарынан жеңілді. Михаил Кравец шәкірттері ойынды сәтті бастағанымен, басымдықты ұстап тұра алмады.

Бірінші кезеңде Кирилл Панюков пен Райли Уолш көзге түсіп, «Барыс» алға шыққан еді. Алайда қонақтар есеп айырмасын тез қысқартты. Екінші кезеңде «Торпедо» ойын тізгінін өз қолына алып, үш шайба соғып, алға шықты.

Үй иелерінің атынан Семён Симонов бір шайбамен жауап қатты. Осыдан кейін бас бапкер қақпашыны алмастырып, Адам Шиланың орнына Андрей Шутовты ойынға қосты. Бірақ бұл өзгеріс те нәтиже бермеді — соңғы жиырма минутта қонақтар басымдығын сақтап, кездесуді өз пайдасына жапты.

Матчтың қорытындысы:
«Барыс» (Астана) — «Торпедо» (Нижний Новгород) — 3:5 (2:1, 1:4, 0:0).