13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нико Шлоттербек «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нико Шлоттербек «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

«Ливерпуль» клубының басшылығы дортмундтық «Боруссия» қорғаушысы Нико Шлоттербектің өкілдерімен алдын ала келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды TEAMtalk. Келісім 2026 жылдың жазында жүзеге асуы мүмкін.

Ағылшын клубының орталық қорғау шебін күшейту қажеттілігі Ибраима Конатенің келісімшарты маусым соңында аяқталуымен және Джованни Леонидің ауыр жарақатына байланысты туындап отыр.

«Қызылдар» әлі де «Кристал Пэлас» капитаны Марк Гехиге қызығушылық танытып отыр, алайда бұл ойыншыға «Реал» мен «Барселона» да көз тіккендіктен, Шлоттербек негізгі балама ретінде қарастырылуда.

Ақпарат көзінің мәліметінше, 25 жастағы неміс қорғаушысының өкілдерімен алғашқы байланыс сәтті өткен. Соңғы төрт маусымда Шлоттербек үш рет Бундеслиганың символикалық құрамына енген және Германия құрамасы сапында 22 матч өткізген.