13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жастар құрамасы бақылау матчында Ордабасыны жеңді

Қазақстан жастар құрамасы бақылау матчында Ордабасыны жеңді

Қазақстанның U-19 жастар құрамасы Кирилл Кекердің жетекшілігімен «Ордабасыға» қарсы бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. Кездесу ұлттық құраманың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жастар құрамасының қақпасын «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза қорғады — оның қақпадағы ойыны команданың жеңісіне маңызды үлес қосты.

Бұл матч Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынындағы үшінші бақылау кездесуі болды. Бұған дейін Кекердің шәкірттері мынадай нәтижелер көрсетті:

  • «Таразды» 6:1 есебімен жеңді
  • «Академия Оңтүстікпен» 1:1 есебімен тең түсті