12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Оливейра UFC Rio турнирінде Гамротты буындырды

Оливейра UFC Rio турнирінде Гамротты буындырды

UFC Rio турнирінде Чарльз Оливейра Матеуш Гамроттан маңызды жеңіске жетті, деп хабарлайды UFC Eurasia телеграм-арнасы.

Бразилиялық джиу-джитсу шебері — жеңіл салмақтағы жекпе-жекті екінші раундта буындыру тәсілімен аяқтады.

Поляк жауынгері үшін бұл мансабындағы төртінші жеңіліс және алғашқы сабмишен арқылы жеңіліс болды, ал алдыңғы үш сәтсіздік төрешілердің шешімімен келген.

Бұл жеңіс Оливейраға маусым айында Илия Топуриядан титулдық жекпе-жекте алған жеңілісінен кейін қалпына келуге көмектесті.