12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Монако» бас бапкер қызметіне бельгиялық маманды тағайындады

«Монако» бас бапкер қызметіне бельгиялық маманды тағайындады

«Монако» ресми сайтының хабарлауынша, команданың жаңа бас бапкері болып Себастьян Поконьоли тағайындалды — ол бұл қызметте Ади Хюттерді алмастырды.

Бельгиялық маман француз клубымен 2027 жылдың маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. «Монакоға» дейін Поконьоли «Юнионмен» табысты жұмыс істеді — оның жетекшілігімен команда Бельгия чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алды.

Қазіргі уақытта «Монако» Франция чемпионатының турнирлік кестесінде жеті ойыннан кейін 13 ұпаймен бесінші орында тұр.