12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Бельгиядан ұпай тартып алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Бельгиядан ұпай тартып алды

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы матчта Солтүстік Македония құрамасы Брюссельде Бельгиядан ұпай тартып алды, деп хабарлайды Sport Pulse.

Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ойын барысында бельгиялықтар допқа иелік етудің 80 пайызын өз бақылауында ұстап, қақпаға 25 соққы бағыттағанымен, есеп аша алмады.

Бұл нәтижеден кейін Солтүстік Македония 6 матчтан кейін 12 ұпай жинап, J тобында көш бастап келеді. Бельгия 11 ұпаймен екінші орында, бірақ бір матчты кем өткізген. Үшінші орында 10 ұпаймен Уэльс тұр.

Төртінші орында — 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы. 10 қазанда қазақстандықтар Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Келесі матчта Қазақстан құрамасы 13 қазан күні сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі.