12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара жекпе-жегінің күні анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара жекпе-жегінің күні анықталды

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sport Pulse.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Әлімханұлы қарсыласымен келісімге келіп, жекпе-жекке дайындықты бастап кетті.

Журналист Дэн Рафаэльдің мәліметінше, WBO, IBF және WBA нұсқалары бойынша чемпиондық атақтар сарапқа салынатын бұл кездесу 2025 жылдың 6 желтоқсанында, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

Жекпе-жек PBC PPV ұйымдастыратын бокс кешінің негізгі оқиғаларының бірі болмақ.