12.10.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Михаил Кукушкин Almaty Open турнирін жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Pulse.

37 жастағы Кукушкин алғашқы раундта жапониялық Даниэль Тароға қарсы ойнап, екі сетте жеңіске жетті — 7:6, 6:1.

Матчтан кейін ол өз әсерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті:

«Бірінші матч әрқашан толқумен өтеді, әсіресе өз үйіңде ойнағанда жауапкершілік жоғары. Алғашқы сет қиын болды — қарсылас өте жақсы ойнады, бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Екінші сетте сенімді ойнай бастадым. Маған турнирде мүмкіндігінше ұзақ ойнау маңызды. Бұрын мен wild card сұрайтын едім, биыл сұраған жоқпын. Бізде менен әлдеқайда жас, болашағынан үміт күттіретін жігіттер бар. Сондықтан мен орын беруді дұрыс санадым. Бірақ Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтамын — олар өздері бастама көтеріп, wild card ұсынды. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік».

Тәжірибелі спортшы маусымның өзі үшін аяқталмағанын айтып, болашақта балалармен жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді:

«Маған әлі бірнеше жарыс күтіп тұр. Бірақ Almaty Open — мен үшін ерекше турнир, себебі өз көрерменің алдында ойнау — үлкен мәртебе. Маусым соңына дейін Еуропада бірнеше челленджерге қатысуды жоспарлап отырмын. Болашаққа болжам жасау қиын, әзірге ойнап жүрмін, күресіп жүрмін, теннистен ләззат алып жүрмін. Ал бес жылдан кейін не болатынын айту ерте. Бірақ кейін өз тәжірибем мен білімімді Қазақстандағы балаларға бергім келеді — бұл менің елім алдындағы борышым деп білемін».

12 қазан күні Кукушкин негізгі турнирге жолдама алу үшін австралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі.

Beeline Janymda — спортта да, желіде де сенімді серік.