10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Журналист Асхат Тағыбергенге Қызылордада ескерткіш орнатуды ұсынды

Журналист Асхат Тағыбергенге Қызылордада ескерткіш орнатуды ұсынды

«Күнгей.кз» youtube-арнасының хабарлауынша, спорт журналисі Арай Есенбек «Тобол» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің Қазақстан Кубогы финалындағы ойыны туралы әсерімен бөлісті.

Стадиондағы атмосфера керемет болды. Бір нәрсені түсінбедім: қызылордалықтар көбінесе «Тоболға» жанкүйер болды. Олар: «Асхат, Асхат» деп айқайлады. Мен әріптестер мен сонда болған жанкүйерлерге: «Қайсар Аренаның» алдына Асхат Тағыбергенге алтын жалатылған ескерткіш қойыңдар» дедім. Білмеймін, бірақ шынын айтқанда, Асхат Тағыберген бұл матчтың үздік ойыншысы болған жоқ

Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионында өткен финалдық кездесуде қостанайлық «Тобол» шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңіп, трофейді жеңіп алды.