10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ғалымжанның күні: Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңді

Ғалымжанның күні: Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңді

2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына іріктеу матчы аясында «Астана Аренада» Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді қабылдады, – деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

Ойынның 26-минутында Ғалымжан Кенжебек есепті ашты, ал 28-минутта ол Бақтиер Зайнутдиновке нәтижелі пас беріп, есепті еселеді. Екінші таймның 59-минутында Ғалымжан Кенжебек дубль авторы атанып, есепті 3:0-ге жеткізді. 81-минутта қорғаушы Әлібек Қасым ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып, Лихтенштейннің жеңіске деген үміттерін өшірді. Осылайша маңызды кездесу 4:0 есебімен Қазақстан ұлттық құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының келесі матчы 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.