10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Фабио Каннаваро әлемде ең көп жалақы алатын ТОП-10 бапкердің тізіміне енді

Фабио Каннаваро әлемде ең көп жалақы алатын ТОП-10 бапкердің тізіміне енді

Италиялық La Gazzetta dello Sport басылымы ұлттық құрамаларды жаттықтыратын ең жоғары жалақы алатын он футбол бапкерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Рейтингтің көшін Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти бастады. Оның жылдық табысы — 9,5 миллион еуро.

Италиялық маманның жалақысы келесі екі бапкерден едәуір жоғары: Томас Тухель (Англия, 5,9 млн еуро) және Юлиан Нагельсман (Германия, 4,9 млн еуро).

Төртінші орында тағы бір италиялық Фабио Каннаваро тұр. Ол Өзбекстан құрамасында жылына 4 миллион еуро алады. Дәл осындай соманы Роберто Мартинес те Португалия құрамасынан табады.

Тізімнің екінші жартысына келесі бапкерлер енді:

Дидье Дешам (Франция, 3,8 млн еуро)

Марсело Бьелса (Уругвай, 3,5 млн еуро)

Рональд Куман (Нидерланды, 3 млн еуро)

Густаво Альфаро (Парагвай, 2,5 млн еуро)

Лионель Скалони (Аргентина, 2,3 млн еуро).

Италиялық БАҚ дерегінше, Италия құрамасының бас бапкері Дженнаро Гаттузо жылына 800 мың еуро алады және әлем чемпионатына жолдама алған жағдайда қосымша 1 миллион еуро бонус иеленеді.