10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юрий Польский: «ATP 250 турнирін Алматыда өткізу – біздің еліміз үшін үлкен мәртебе»

Юрий Польский: «ATP 250 турнирін Алматыда өткізу – біздің еліміз үшін үлкен мәртебе»

ATP 250 Almaty Open турнирінің басталуына бір күн қалды. Almaty Arena спорт кешенінде БАҚ өкілдеріне арнап «Медиа-күн» ұйымдастырылды. Журналистер мен блогерлер алдағы турнир туралы толық ақпарат алып, олардың сұрақтарына Қазақстан теннис федерациясының халықаралық мәселелер жөніндегі вице-президенті Юрий Польскийжауап берді.

«ATP 250 турнирін Алматыда өткізу – біздің еліміз үшін үлкен мәртебе. Әрбір ел мұндай деңгейдегі турнирді қабылдай алмайды, себебі ол үшін мықты инфрақұрылым, ұйымдастырушылық тәжірибе және ATP тарапынан сенім қажет. Алматы үшін бұл спорт шарасының маңызы ерекше – турнир қалаға мыңдаған көрермендерді, туристерді, журналистерді тартады, спорт пен мәдениет мерекесінің ерекше атмосферасын қалыптастырады. « – деп атап өтті Польский.

«Медиа-күн» аясында журналистерге арналған семинар өтті. Белгілі теннис шолушысы Александр Ляхов теннис турнирлерінің ел имиджіне әсері туралы (мысал ретінде Almaty Open және басқа турнирлер) баяндама жасады. Әлемдегі ең үздік теннис фотографтарының бірі, Қазақстан теннис федерациясында 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Андрей Ударцев спорттық журналистикадағы фотографтың рөліне тоқталды. Ал «Match Ball» компаниясының СЕО-сы Игорь Алексеев теннис қауымдастығын цифрландыру саласындағы жаңа цифрлық жаңалықтар порталы – Match Ball стартапын таныстырды.

Ертең, 11 қазан күні, ATP 250 Almaty Open турнирінің жеребесі тартылады. Іріктеу ойындары 11 қазан, негізгі кезең ойындары 12 қазанда өтеді. Финалдық кездесулер 19 қазанға жоспарланған.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау