10.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бексұлтан Мақыш Канададағы алтыншы шайбысын соқты

Бексұлтан Мақыш Канададағы алтыншы шайбысын соқты

Онтарио хоккей лигасының кезекті маусымындағы соңғы ойынында Виндзор Спитфайрс қосымша уақытта Гелф Шторм 3-2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаң иелері сапында қазақстандық жас шабуылшы Бексұлтан Мақыш гол қосты.

Айта кетейік, Мақыш тұрақты маусымдағы тоғыз ойында алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Виндзор Спитфайрс 16 ұпаймен турнирде сенімді көш бастап тұр.