09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен кездесті.

Кездесу 10:7 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.