09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сарапшы Қазақстан — Лихтенштейн ойыны туралы: Ұлттық құрамадан кемі үш гол күтемін

Сарапшы Қазақстан — Лихтенштейн ойыны туралы: Ұлттық құрамадан кемі үш гол күтемін

Ертең, 10 қазан күні, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейнге қарсы ойнайды.

Маңызды матч алдында футбол сарапшысы Әлібек Кенжалы Sport Pulse тілшісіне өз пікірін білдірді:

“Ертең Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропаның ең әлсіз командасымен ойнағалы тұр. Лихтенштейн қазіргі таңда өз қақпасына 19 гол жіберіп, әлі күнге дейін бірде-бір гол соққан жоқ. Бірінші ойында сырт алаңда 0:2 есебімен жеңдік. Ал ертеңгі ойында ұлттық құрамадан кемі үш гол күтемін”, – деді сарапшы.

Айта кетейік, матч ертең сағат 19:00-де басталады. Кездесуді QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді