09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Талғат Байсуфинов Кашкеннің ұлттық құрамаға не үшін шақырылғанын мәлімдеді

Талғат Байсуфинов Кашкеннің ұлттық құрамаға не үшін шақырылғанын мәлімдеді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында жартылай қорғаушы Дінмұхаммед Қашкеннің құрама сапына қосылуы жайлы пікір білдірді.

Байсуфиновтың айтуынша, бастапқы тізімде Қашкен болмаған, алайда жаттығу кезінде бірқатар ойыншылардың жарақатына байланысты өзгеріс енгізілген.

«Бұрын бізде кеңейтілген және негізгі тізім болатын. Жаттығу барысында Сергей Малый мен Ұлар Жақсыбаев жарақат алып қалды. Сол себепті орталық қорғаушы қажет болды, әсіресе оң аяғымен ойнайтын ойыншы. ҚФФ жанындағы селекциялық бөлімнің базасында ҚПЛ-де ойнаған, Қазақстан азаматы саналатын барлық футболшылардың деректері бар. Сол тізім арқылы бізге Димаштың кандидатурасы ұсынылды, және ол барлық талаптарға сай келді», — деді Байсуфинов.

Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы кездесу 10 қазанда «Астана Аренада» өтеді. Матчтың басталуы — елорда уақытымен 19:00-де.