09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елена Рыбакина Ухандағы турнирдің ширек финалына шықты, ендігі қарсыласы әлемнің 1-ракеткасы

Елена Рыбакина Ухандағы турнирдің ширек финалына шықты, ендігі қарсыласы әлемнің 1-ракеткасы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 сериясындағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Ол чехиялық Линда Носковамен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Бұл жеңіс Рыбакинаға ширек финалға жол ашты. Енді қазақстандық теннисші турнирдің басты фавориті — әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Белорусьтік спортшы бұған дейін ресейлік Людмила Самсонованы 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.