08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Серия А бас директоры Рабьоның Аустралиядағы матч туралы сынына жауап берді

Серия А бас директоры Рабьоның Аустралиядағы матч туралы сынына жауап берді

Corriere dello Sport мәліметінше, УЕФА «Милан» мен «Комо» арасындағы матчты Аустралияның Перт қаласында өткізуді мақұлдады.

«Миланның» жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо бұл шешімге наразылық білдірді:

«Абсурд. Екі италиялық команда арасындағы ойын үшін Аустралияға осынша километр жүру – ақылға сыймайтын іс. Біз әрдайымғыдай бейімделуге мәжбүрміз»

Серия А-ның бас директоры Луиджи Де Сьерво футболшының сынына жауап берді:

«Миллиондаған еуро табатын ойыншылар өздеріне белгілі бір қызмет – футбол ойнау үшін ақы төленетінін ұмытады. Рабьо өзінің табысын құрметтеп, осы матчты өткізуді талап еткен жұмыс берушісін қолдауы керек»

Де Сьерво атап өткендей – ұзақ ұшуға қарамастан, командалар бизнес-класспен саяхаттайды, ал шараның өзі бір реттік оқиға болады.