08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Винокуров-кіші велошабандоз мансабын аяқтағанын жариялады

Александр Винокуров-кіші велошабандоз мансабын аяқтағанын жариялады

XDS-Astana.com мәліметінше, XDS Astana Development Team континентальдық командасының шабандозы Александр Винокуров-кіші велоспорттағы кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

23 жастағы қазақстандық спортшы 2025 жылғы маусымның көп бөлігін өткізіп алды — наурыз айының басында Грекиядағы жаттығу кезінде оң жамбас мойнының сынуына ұшырады. Винокуров-кішінің мансабындағы соңғы жарысы XDS Astana Team құрамында сәтті өнер көрсеткен малайзиялық «Тур Лангкави» көпкүндігі болды.

«Шешім қабылдау оңай болған жоқ — жарақаттан кейінгі қалпына келу кезінде болашақ туралы ойландым. Соңғы жылдары жарақаттар үнемі жоспарлар мен барлық дайындық жұмыстарын бұзып отырды. Мансабымды ауруханада аяқтағым келмеді, сондықтан қатарға оралып, командамен соңғы жарысқа қатыстым», — деді Александр Винокуров-кіші.

«Алекс қазіргі велоспорттағы бәсекелестіктің күрделілігін, әсіресе тұрақты жарақаттар кезінде түсінді. Ол жарақаттан кейін оралып, мансабын лайықты аяқтауға бел буды. Соңғы жарыс өте жақсы өтті — ол командаға ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесті», — деп түсініктеме берді XDS Astana Team бас менеджері Александр Винокуров.