08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екі турынан қанша табыс тапқаны белгілі болды

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екі турынан қанша табыс тапқаны белгілі болды

Sports24.kz мәліметінше, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетуі нәтижесінде елеулі қаржылық табысқа қол жеткізді — клуб қазірдің өзінде 20,25 миллион еуро табыс тапты.

УЕФА регламентіне сәйкес, топтық кезеңге шыққаны үшін командаға негізгі төлем — 15,64 миллион еуро, сондай-ақ қосымша бонустар тағайындалады: жеңіс үшін 2,1 миллион еуро, тең түскені үшін 700 мың еуро беріледі.

Футбол алаңында алматылық клубтың жағдайы онша жақсы емес — команда екі жеңіліске ұшырады: сырт алаңда лиссабондық «Спортингтен» 1:4 есебімен және өз алаңында мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілді.