08.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Франциядағы турнирге қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Франциядағы турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Мец қаласында өтетін ATP 250 сериясындағы турнирге қатысады. Жарыс 2–8 қараша аралығында өтеді. Бұл туралы sportarena.kz хабарлады.

Қатысушылар тізімінде әлемдік рейтингтің мықтылары бар:

  • канадалық Феликс Оже-Альяссим (әлемнің 13-ракеткасы),
  • итальяндық Флавио Коболли (22),
  • француз Уго Умбер (26),
  • америкалық Фрэнсис Тиафо (28) және басқа да белгілі теннисшілер.

Мец турнирінің қазіргі чемпионы — жергілікті теннисші Бенжамен Бонзи.

Айта кетейік, бұған дейін Бублик жарақатына байланысты 11 қазанда басталатын Almaty Open турнирінен бас тартқан еді.