07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Азамат Тұяқбаев Англия клубына ауысуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Азамат Тұяқбаев Англия клубына ауысуы мүмкін

«Қайрат» шабуылшысы Азамат Тұяқбаев Англия чемпионшипіндегі клубтардың біріне ауысуы  мүмкін.

БАҚ дерегінше, 18 жастағы футболшыны қазіргі таңда Чемпионшипте көш бастап тұрған «Ковентри» командасы бақылап жүр. Бұл клубты «Челсидің» аңыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард жаттықтырады.

Ағылшын клубының скауттары Тұяқбаевты «Спортингке» қарсы өткен (3:2) ойында байқаған. Сол кездесуде қазақстандық жас шабуылшы дубль авторы атанған еді.

Айта кетейік, Азамат Тұяқбаев — QJ League тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі саналады.