07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Биылғы маусымда Премьер-лиганың ең жасы үлкен бес бомбардирі

Биылғы маусымда Премьер-лиганың ең жасы үлкен бес бомбардирі

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында бірнеше жасы үлкен футболшы — жоғары деңгейдегі ойын көрсетуді жалғастыруда.

  • «Астана» ойыншысы Марин Томасов (38 жаста) — 23 ойында 11 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді
  • «Ұлытау» шабуылшысы Жасұлан Молдақараев (38 жаста) — 3 маңызды гол соқты, оның екеуі жеңіс әкелді
  • «Тұран» мен «Атырау» сапында ойнаған Руслан Юденков (38 жаста) — «Ұлытауға» қарсы соңғы ойында гол соқты
  • «Атырау» мен «Тұран» қорғаушысы Мирам Сапанов (39 жаста) — қорғаушы бола тұра үш гол соқты
  • «Тұран» мен «Атырау» ойыншысы Игорь Стасевич (39 жаста) — маусымдағы ең жасы үлкен гол авторы атанды

Марин Томасовтың нәтижелілігі ерекше көзге түседі — ол «Астананың» тарихындағы үздік легионерлердің бірі болып, клубпен бірге төрт рет ел чемпионы атанып, екі рет үздік бомбардир атағын жеңіп алды.

Жасұлан Молдақараев «Ұлытаудың» негізгі ойыншысы болып қала береді — өткен маусымда ол Бірінші лигада 19 голмен үздік мерген атанған болатын.