07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мбаппе «Алтын доп-2026» үміткерлерінің тізімін бастады

Мбаппе «Алтын доп-2026» үміткерлерінің тізімін бастады

Championat.com мәліметінше, Give me Sport порталы «Алтын доп-2026» үміткерлерінің өзекті рейтингін жариялады.

Тізім көшбасшысы — Мадрид «Реалының» шабуылшысы Килиан Мбаппе, ол ағымдағы маусымда Ла Лига мен Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені атанып отыр.

Екінші орынға «Барселонаның» дарынды ойыншысы Ламин Ямаль жайғасса, үштікті Бундеслига мен еурокубоктарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн түйіндеді.

Төртінші орында марапаттың қазіргі иегері Усман Дембеле тұрса, бесінші орынға «Барселона» жартылай қорғаушысы Педри орналасты.