07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мемфис Депай оқу-жаттығуға қосыла алмай отыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Мемфис Депай оқу-жаттығуға қосыла алмай отыр

Нидерланд құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай Бразилиядағы жеке сапары кезінде қиындыққа тап болды. Футболшының паспорты ұрланып, осыған байланысты ол ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына уақытында қосыла алмай отыр.

Қазіргі уақытта Депай қажетті құжаттарды қалпына келтіру үшін тиісті органдармен жұмыс істеп жатыр. Ол мәселені тезірек шешіп, командаға мүмкіндігінше ертерек оралуды жоспарлап отыр.