07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының қазан айына шақыртылған құрамы жарияланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасының қазан айына шақыртылған құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчтарына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады.

Құрама қазан айында Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы маңызды ойындар өткізеді. Қазақстан командасы алдымен 10 қазан күні Астанада «Астана Арена» стадионында Лихтенштейнмен кездеседі. Ойын сағат 19:00-де басталады. Ал 13 қазан күні Қазақстан құрамасы Скопьеде Солтүстік Македониямен сырт алаңда ойнайды. Бұл кездесу жергілікті уақытпен 23:45-те басталады.

Қазақстан құрамасының ойыншылары келесідей:

Қақпашылар:

  • Сейсен
  • Шайзада
  • Покатилов
  • Төлепберген

Қорғаушылар:

  • Қасым
  • Вороговский
  • Әліп
  • Малый
  • С.Астанов
  • Жагоров
  • Жұмаханов
  • Совет
  • Қайыров
  • Қашкен
  • Әшірбек

Жартылай қорғаушылар:

  • Зайнутдинов
  • Оразов
  • Чесноков
  • Қуат
  • Халматов
  • Жуков
  • Қасабулат
  • Жұмат
  • Қараман
  • Төлебай

Шабуылшылар:

  • Кенжебек
  • Самородов
  • Сәтпаев
  • Свиридов
  • Шушеначев

Талғат Байсуфиновтың құрамында тәжірибелі ойыншылармен қатар, жаңа есімдер де бар. Бұл команданың Лихтенштейн мен Солтүстік Македониямен болатын матчтарда жоғары нәтиже көрсететініне үміт артамыз.