07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Манчестер Юнайтедтің бұрынғы ойыншысы ChatGPT көмегімен келісімшарт жасады

Манчестер Юнайтедтің бұрынғы ойыншысы ChatGPT көмегімен келісімшарт жасады

«Манчестер Юнайтедтің» тәрбиеленушісі Деметри Митчелл келіссөздер жүргізудің ерекше тәсілін тапты — футболшы дәстүрлі спорт агентінің орнына ChatGPT жасанды интеллектін қолданды, деп хабарлайды Goal.

Осы жазда Англияның үшінші дивизионындағы «Лейтон Ориентке» ауысқан 28 жастағы қорғаушы келісімшарт жасасудың барлық аспектілері бойынша кеңес беруді чат-ботқа сеніп тапсырды.

«ChatGPT менің ең жақсы агентіме айналды — мен онымен келіссөздер және тіпті отбасым үшін Лондондағы өмір құнын есептеу мәселелері бойынша кеңестім. 5% агенттік комиссияның болмауын ескере отырып, қызметке айына 15 фунт жазылу тиімді шешім болды», — деді Митчелл From My Left подкастында.

Футболшы жасанды интеллект оған жалақыны көтеру туралы сұранысты негіздеуге және келісімшартқа қол қою кезінде қосымша бонус — агенттік қызметтердің болмауына өтемақы алуға көмектескенін атап өтті.