06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

15 жастағы қазақстандық хоккейші АҚШ турнирінің чемпионы атанды

15 жастағы қазақстандық хоккейші АҚШ турнирінің чемпионы атанды

«Нью-Гэмпшир Маунтин Кингз» шабуылшысы Ян Хегай Elite Prospects Cup Series Rochester турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Он бес жастағы шабуылшы жоғары нәтиже көрсетті — турнирдің бес ойынында ол алты гол соғып, бір голдық пас берді.

Өткен маусымда қазақстандық хоккейші бірден үш лигада жоғары нәтиже көрсетті:

  • MVHL-да: 13 ойында 34 ұпай (20+14)
  • NAT1HL-да: 4 ойында 3 ұпай (2+1)
  • ААА лигасында: 45 ойында 53 ұпай (27+26)