06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді

Шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді

9–12 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді.

Бұл маңызды сынға Қазақстан құрамасынан 11 спортшы қатысады. Құрама сапында Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалияхметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нүртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек бар.

Айта кетейік, Әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу болып саналады. Олардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады.