06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алан Құрманғалиев Бейжіңде өткен China Youth Smash турнирінде қола жүлдегер атанды

Алан Құрманғалиев Бейжіңде өткен China Youth Smash турнирінде қола жүлдегер атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, онда жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы Вэн Руйбоға (Қытай) қарсы ойнады.

Кездесу 4:0 есебімен қарсыласының жеңісімен аяқталды. Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері Ли Хэчэнді (Қытай) 4:3 есебімен ұтты.