06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дональд Трамп Ақ үйде UFC турнирінің өтетін күнін жариялады

Дональд Трамп Ақ үйде UFC турнирінің өтетін күнін жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде UFC шарасының өтетін күнін жариялады.

Бұл туралы ол АҚШ Әскери-теңіз күштері күніне арналған парадта сөйлеген сөзінде айтты.

«Келесі жылдың 14 маусымында біз Ақ үйдің аумағында үлкен UFC жекпе-жегін өткіземіз», — деді Трамп.

Бұл күні Трамп өзінің 80 жылдығын атап өтеді.