06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары өтті

Астанада «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары өтті

4 қазан күні Астанада еліміздің барлық өңірінен келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500 жас спортшыны біріктірген «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызу бәсекенің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орын – Алматы қаласының құрама командасы
  • 2-орын – Астана қаласының құрама командасы
  • 3-орын – Қарағанды облысының құрама командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға қатысушы дипломдары табысталды.