06.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» клубының бас бапкері ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты

«Қайрат» клубының бас бапкері ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойыншыларға сыйлық беруге қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, кәсіпкерлерге сыйлық беруге тыйым сала алмаймыз. Бірақ бір ойыншыны бөліп-жару да дұрыс емес. Өйткені бұл – командалық спорт.

Менің ойымша, көмектескілері келсе, мысалы, клубқа көмектессін. Сыйлық бергілері келсе, бәріне бірдей берсін. Ол кісілерге ақыл айта алмаймын, алайда олай істемеген абзал болар еді», – деді «Қайрат» бас бапкері.

Осыған дейін қазақстандық кәсіпкерлер бапкердің өзіне және қақпашылар Шерхан Қалмырза мен Темірлан Анарбековке көлік тарту еткен еді.