05.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады.

Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы.

Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.