05.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эстеваоның голы «Челсиге» маусымдағы маңызды жеңіс сыйлады

Эстеваоның голы «Челсиге» маусымдағы маңызды жеңіс сыйлады

Англия Премьер-лигасының 7-туры аясында өткен «Челси» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

14-минутта Мойсес Кайседо есеп ашып, «ақсүйектерді» алға шығарды. 63-минутта Коди Гакпо есепті теңестірді. Алайда қосымша уақытта, 90+5-минутта Эстевао шешуші гол соғып, «Челсиге» жеңіс әкелді.

Бұл нәтиже «Ливерпуль» үшін қатарынан үшінші жеңіліс болды (Чемпиондар лигасын қоса есептегенде).