05.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Николай Веретенников UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізді

Николай Веретенников UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізді

Лас-Вегаста өткен UFC 320 шарасында жартылай орта салмақтағы қазақстандық Николай Веретенников (13-6) UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы америкалық Пунахале Сориано (11-4) болды.

Өкінішке қарай, бұл жекпе-жекте Сориано төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Николай Веретенников UFC-дегі төрт жекпе-жегінде үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Веретенников АҚШ-та тұрады, бірақ Сарыағаштың тумасы.