05.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бразилия жастары әлем чемпионатында топта бір ұпай ғана еншіледі

Бразилия жастары әлем чемпионатында топта бір ұпай ғана еншіледі

Бразилия құрамасы 2025 жылғы FIFA U-20 әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Бразилия Испаниямен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Матчтағы жалғыз голды 47-минутта Икер Браво соқты.

Осылайша, Бразилия үш матчтан бір ғана ұпай жинап, С тобында соңғы орынға тұрақтады. Төрт ұпайы бар Испанияның қосымша көрсеткіштер арқылы топтан шығуға мүмкіндігі бар. Марокко мен Мексика сәйкесінше алты және бес ұпай жинап, осы топтан плей-оффқа тікелей жолдама алды.