04.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дмитрий Попко АҚШ-тағы «Челленджер» турнирінде ширек финалда жарыс жолынан шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дмитрий Попко АҚШ-тағы «Челленджер» турнирінде ширек финалда жарыс жолынан шықты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Тивурон қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясындағы турнирде өнерін тоқтатты. Ол ширек финалда иорданиялық Абедалла Шелбайхқа екі сетте жеңілді — 4:6, 2:6.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Шелбайх енді жартылай финалда америкалық Самир Банерджи мен Тайлер Зинк арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Осылайша, Попко турнирдің үздік төрттігіне өтпей, жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.