04.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы ITF турнирінің финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы ITF турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан ITF J200 санатындағы беделді жасөспірімдер турнирінің финалына жолдама алды.

Әлемдік ITF Juniors рейтингінде 25-орында тұрған және турнирде 1-нөмірлі теннисші ретінде тіркелген Заңғар Нұрланұлы жартылай финалдық кездесуде жергілікті спортшы Сион Джиді 6:1, 7:5 есебімен сенімді жеңіп шықты.

Шешуші финалдық ойында Нұрланұлы тағы бір оңтүстіккореялық теннисші — Мин Хук Чомен кездеседі. Мин жартылай финалда қазақстандық Даниэль Тазабековті жеңіп, финалға өткен болатын.

Чемпиондық атақ сарапқа салынатын финал 5 қазан күні өтеді.