04.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Темірлан Анарбековке жаңа көлік сыйға тартылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Темірлан Анарбековке жаңа көлік сыйға тартылды

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы ерлігі үшін марапатталды. Қазақстандық «Zigi-Zagi» компаниясы футболшыға халық атынан су жаңа Li 8 автокөлігін табыс етті.

Анарбеков іріктеу кезеңіндегі шешуші ойында үш бірдей пенальтиді қайтара отырып, «Қайраттың» топтық кезеңге шығуына үлкен үлес қосқан еді. Бұл тарихи сәт қазақстандық жанкүйерлердің ғана емес, жергілікті компаниялардың да назарын аударды.

Дегенмен қақпашы кейін ҚПЛ-дегі «Ақтөбеге» қарсы матчта жарақат алып, топтық кезеңнің алғашқы ойындарын жіберіп алды. Оның орнына қақпашы шебінде 18 жастағы Шерхан Қалмұрза шықты.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы Қалмұрза мадридтік «Реалға» қарсы ойыннан соң көлік сыйға ие болған, ал Анарбековке оған дейін MacBook тарту етілген болатын.

Осылайша, қазақстандық футболшылардың еңбегі ел ішінде жоғары бағаланып келеді.