04.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда өткен Денис Тен мемориалында жеңімпаздар анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алматыда өткен Денис Тен мемориалында жеңімпаздар анықталды

Бүгін, 4 қазанда, Алматыда мәнерлеп сырғанаудан өткен Денис Тен мемориалы өз мәресіне жетті. Турнирдің соңғы күні мұздағы би мен жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Мұздағы биден Грузия құрамасының спортшылары Диана Дэвис пен Глеб Смолкин жеңімпаз атанып, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 193,14 ұпай жинады. Күміс жүлдені америкалық Уна мен Гейдж Браун (178,86), қола жүлдені швед жұбы Милла Рейтан мен Николай Майоров (177,25) иеленді. Қазақстандық жұп — Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова 131,59 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста тек қазақстандық спортшылар бақ сынады. Артур Смагулов 159,59 ұпаймен бірінші орын алды. Екінші орынды Никита Козлов (134,97), үшінші орынды Кенан Бердібаев (126,42) еншіледі.