03.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ноттингем Форест» сенсациялық антирекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ноттингем Форест» сенсациялық антирекорд орнатты

Англиялық «Ноттингем Форест» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 2-турда өз алаңында Данияның «Мидтьюлландынан» 2:3 есебімен ұтылды.

Бұл матч команда тізгінін 9 қыркүйекте қолға алған жаңа бапкер Ангелос Постекоглу үшін алтыншы ойын болды. Алайда осы уақыт аралығында «орманшылар» небәрі екі ұпай ғана еншілеп, бірде-бір жеңіске жете алмады (екі тең ойын, төрт жеңіліс).

BBC дерегінше, Постекоглу клуб тарихында соңғы 100 жылда алғашқы алты матчында жеңіске жете алмаған алғашқы бапкер атанды. Соңғы рет мұндай жағдай 1925 жылы болған: ол кезде Джон Бэйнс жеті ойында қатарынан жеңбей, соған қарамастан клубта төрт жыл жұмысын жалғастырған еді.

Қазіргі маусымда «Форестің» нәтижесі көңіл көншітпейді: команда Кубоктан шығып қалды, Еуропа лигасында жеңіссіз жүр, ал Премьер-лигада бірнеше турдан кейін небәрі бес ұпай жинап, 17-орында тұр.