02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

III ТМД елдері ойындары: Қазақстандық спортшылар қоржынға 9 жүлде салды

III ТМД елдері ойындары: Қазақстандық спортшылар қоржынға 9 жүлде салды

Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Гянджа қаласында өтіп жатқан жүзуден жарыста біздің спортшылар тағы 5 медаль (3 күміс, 2 қола) жеңіп алды. Жүлдегерлер:

  • Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 200 м) — күміс
  • Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 50 м) — күміс
  • Тайисия Короткова (баттерфляй, 50 м) — күміс
  • Әлихан Құттымұрат (еркін стиль, 100 м) — қола
  • Қазақстан құрамасы (4×100 эстафета аралас стиль) — қола. Команда құрамы — Тайисия Короткова, Маргарита Раенко, Маргарита Зайцева, Ева Миленина.

Жүзуден жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысты.

Ал Габала қаласында стенд ату сынында Ұлттық құрама 4 қола жүлдеге ие болды. Олар:

  • Скит соло: Лидия Башарова
  • Скит соло: Ратмир Еникеев
  • Трап соло: Наргиза Сарманова
  • Трап соло: Богдан Конченко