30.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәкен Бибосыновтың қарсыласы белгілі болды

Сәкен Бибосыновтың қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 25 қазанда кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, — деп хабарлайды Sport Pulse.

Бокс кешін жапондық промоутер Коки Камеда ұйымдастырады. Жекпе-жек Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді. Отандасымыздың қарсыласы жергілікті боксшы Әділет Қачқынбеков атанды.

Айта кетейік, Бибосынов бұған дейін кәсіби бокстағы алғашқы дебютін аталмыш промоушнда дәл осы Бішкек қаласында өткізген болатын.