30.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері атанды

Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.

Ол ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарға дайындайды.

Байсуфинов бұған дейін 2016–2017 және 2020–2022 жылдары ұлттық құраманы басқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарып келеді.

ҚФФ Байсуфиновтың тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, федерация ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін қызметіне тағайындау үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Тізімде үш шетелдік маман бар.