29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Масвидаль Ақ үйдегі жекпе-жекке Эдвардсты шақырды

Масвидаль Ақ үйдегі жекпе-жекке Эдвардсты шақырды

UFC-дің бұрынғы жауынгері Хорхе Масвидаль промоушеннің қазіргі жауынгері Леон Эдвардсқа жекпе-жекке шақыру тастады, деп хабарлайды Championship Rounds.

«Леон, мен сені Ақ үйде талқандаймын. Америка Англияны жеңгендей… Мені бұл әумесер ашуландырады. Мен сен үшін формаға келемін, Леон, уайымдама», — деді Масвидаль.

42 жастағы Масвидаль — екі жарым жыл бұрын мансабын аяқтаған аралас жекпе-жек ардагері. Ақ үй аумағындағы UFC турнирі келесі жазға жоспарланған.