29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бейбіт Жұқаев Шанхай «Мастерсінде» іріктеудің финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бейбіт Жұқаев Шанхай «Мастерсінде» іріктеудің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде №210) Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол 22 жастағы америкалық Колтон Смитті (№135) аса тартысты матчта тізе бүктірді.

Ойын екі сетте де тай-брейкке созылды. Бірінші партияда Жұқаев 7:6 (7:3) есебімен басым түссе, екіншісінде де мықтылығын дәлелдеп, 7:6 (7:5) нәтижесімен жеңіске жетті. Қарсыласу екі сағатқа жалғасты.

Енді 24 жастағы қазақстандық теннисші негізгі жарысқа жолдама алу үшін австралиялық Тристан Скулкейтпен күш сынасады.